431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Lufthansa» Германиядағы 30 жетекші компания тізімінен шығарылды

  • 411
  • UPD: 08:40, 24.06.2020
«Lufthansa» Германиядағы 30 жетекші компания тізімінен шығарылды

«Lufthansa» соңғы 30 жылда үнемі Германияның жетекші 30 компаниясы қатарында болатын.

Алайда осы аптада ол биржалық индекс – ДАКС-30 тізімінен шығарылды. Енді Еуропаның ең ірі әуе тасымалдаушысы орта компаниялар санатына ауыстырылды. Оның күйреуіне пандемияға байланысты туындаған дағдарыс себеп. Мыңдаған рейсі ұшпай, миллиардтаған еуро шығынға батты. Тек билеттер үшін компания 1 миллиард 800 миллион еуро берешек. Осыдан бірнеше апта бұрын акционерлері тіпті компанияны банкрот жариялауға дайын болған. Ақырында қызметкерлерін қысқартуды шешті. 26 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сондай-ақ 100 ұшағын сатуға ниетті. Ал сәуір айында концерн еншілес компаниясын жапты.

Роберт Хальвер, биржалық сарапшы:

- Пандемия болмаса, әрине «Lufthansa» биржадағы көшбасшы концерндердің қатарында қалар еді. Соңғы үш жылда компанияның көрсеткіштері жақсы болатын. Ол мемлекет жағынан субсидия алатын азиялық және араб әуе тасымалдаушыларымен бәсекелес еді. Ал «Lufthansa-ға» субсидия бөлінбейтін. Бірақ болашақта ол да осындай жәрдем алатын түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы