418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тунисте халық жұмыссыздыққа қарсы шеруге шықты

  • 162
Тунисте халық жұмыссыздыққа қарсы шеруге шықты

Тунистің Татавин қаласында жүздеген адам наразылық шеруіне шығып, полициямен қақтығысты.

Адамдар жолдарды жауып, тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.

Ал адамдардың көшеге шығуына жұмыссыздық себеп. Өйткені індетке байланысты дағдарыс күшейген. Осыған байланысты халық үкіметтен 2017 жылғы мұнай компаниялары мен инфрақұрылым жобалары бойынша жаңа жұмыс орындарын құру туралы уәдесін орындауды сұраған. Бірақ полиция шерушілерге қарсы күш қолданды. Ал ресми дерекке қарағанда, бұл аймақта жұмыссыздық 30 процентке жеткен. Әсіресе экономикалық дағдарыстан жастар арасында жұмыссыздық көбейді.

Хабар 24 телеарнасы