417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп ескерткіштерді қиратқандарды ұстау туралы бұйрық берді

  • 171
Трамп ескерткіштерді қиратқандарды ұстау туралы бұйрық берді

АҚШ президенті Дональд Трамп ескерткіштерді қиратып, бүлдіргендерді ұстау туралы бұйрық берді.

Жаңа заңға сәйкес бұзақылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шара бұған дейін осындай қаскөйлік әрекетімен көзге түскендерге қолданылмақ. Мысалы, кеше Вашингтонда шерушілер Ақ үй алдындағы Лафайет саябағында тұрған АҚШ-тың жетінші президенті Эндрю Джексонның ескерткішін бұзбақ болған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Жаңа заңға сәйкес бұзақылар ұзақ мерзімге жазаланатын болады. Себебі мұндай әрекетке барушылар тарихымызды қаралап, елімізді сүймейтінін анық көрсетіп отыр. Біз мұндай бассыздыққа жол бермейміз.

Хабар 24 телеарнасы