425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегияда қазақстандық сарбаздарды еске алу рәсімі өтті

  • 494
  • UPD: 19:09, 24.06.2020

Норвегияда Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Биыл еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі сұрапыл соғыста жан тәсілім еткен 44 қазақстандық жауынгердің есімін анықтады. Бесеуінің денесі Норвегияның Йорста-дмоен елді мекеніндегі әскери зиратқа қойылған. Ерлікке тағзым ету үшін билік өкілдері, қазақстандық дипломаттар, белгілі спортшылар және қоғам өкілдері жауынгерлердің қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Владимир Смирнов, олимпиада чемпионы:

— Мен үшін бұл сапардың маңызы ерекше. Лиллехаммер –мен 1994 жылы Олимпиада чемпионы атанған қала. Бүгін біз соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым еттік. Мұнда 1 мыңға жуық Кеңес жауынгері жерленген. Бесеуінің кім екенін білеміз. Ерлікпен қаза тапқан сарбаздар ұмытылмайды. 

Хабар 24 телеарнасы