423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда кесірлі вирус жұққандар саны күрт артты

  • 294
  • UPD: 08:53, 25.06.2020
Үндістанда кесірлі вирус жұққандар саны күрт артты

Үндістанда соңғы бір тәулікте 15 мың 900-дан астам адам вирус жұқтырды. Жалпы елде науқастар саны 461 мыңнан асып кетті.

Науқастардың үштен бір бөлігі Махараштра штатынының тұрғыны. Сондай-ақ Нью-Дели және Тамилнад штатында да эпидемиологиялық ахуал мәз емес.  Жергілікті билік өкілдерінің болжауынша, тек Нью-Делидің өзінде шілде айының соңында науқастар саны 550 мыңнан асып кетуі мүмкін. Джонс Хопкинс  университетінің мәліметінше, Үндістан коронавирусты жұқтырғандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы