432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті

  • 301
  • UPD: 07:58, 25.06.2020
Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті

Мексиканың Оахака штатында жер сілкінісінен қаза тапқан тағы үш адамның мәйіті табылды. Сөйтіп, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті.

Бұл туралы елдің Азаматтық қорғанысты үйлестіру орталығына сілтеме берген Milenio басылымы хабарлайды.

Жалпы елдің 85 муниципалитетінде екі мыңнан астам үйге зақым келді.

Ал Оахака штатының губернаторы Алехандро Мурат билікті аймақта төтенше жағдай жариялауға үндеді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы