426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавирусты қадағалайтын қосымша жұмысынан қайыр болмады

  • 255
  • UPD: 09:31, 25.06.2020
Францияда коронавирусты қадағалайтын қосымша жұмысынан қайыр болмады

Францияда коронавирусты жұқтырғандарды қадағалауға арналған ұялы қосымшаны ендіру жобасы нәтиже берген жоқ.

Бұл бағдарламаны шығарғаннан үш апта өткеннен кейін билік алғашқы қорытындыларын жариялады. Stop Covid қосымшасын смартфонға жүктеген әрбір адам коронавируспен ауырғаны туралы мәлімет енгізуі керек еді. Сонда қоғамдық көлік, дәмхана немесе дүкенде вирус жұқтырған адам жақындаса бағдарлама белгі береді. Алайда жеке дерекке аса сақ Франция тұрғындары бұл құралды қолданбай қойды. 65 млн халқы бар елде бұл қосымшаны жүктегендердің саны екі миллионға да жетпейді. Оған қоса төрттен бір бөлігі кейін бұл бағдарламаны өшіріп тастады. 

Седрик О, Францияның цифрландыру мәселелері жөнінде мемлекеттік хатшысы:

- Соңғы кезде бұл қосымшаны өшіргендердің саны күрт артты. Күніне ондаған мың адам одан бас тартып жүр. Мұның бәрін әлі қосымша зерттеу керек. Алайда біз бұны жұрттың індетке алаңдауы төмендегенімен түсіндіріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы