423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бельгияда карантин жеңілдеп жатыр

  • 309
  • UPD: 10:53, 25.06.2020
Бельгияда карантин жеңілдеп жатыр

Бельгияда карантин режимі жеңілдеп жатыр. 1 шілдеден бастап корольдікте 200 адамға дейін жиналатын іс-шараларды жабық ғимараттарда, 400 адамға дейін қатысатын шараларды ашық алаңдарда өткізуге рұқсат беріледі.

Бұл  туралы ел премьер-министрі Софи Вильмес мәлімдеді. Сондай-ақ бассейндер, кинотеатрлар, концерттік залдар мен аттракциондар ашылады деп жоспарланған. Ал музыкалық фестивальдер мен би кештерін ұйымдастыруға тамыз айының соңына дейін тыйым салынып отыр. Түнгі клубтар да әзірге жұмыс істемейді.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Бельгияда 60 мың адам вирус жұқтырып, 10 мың адам көз жұмды. 

Софи Вильмес, Бельгия премьер-министрі:

- Көшеде демонстрациялар ұйымдастыру үшін жергілікті биліктен рұқсат алу қажет. Мұндай шаралар бір жерде өтуі тиіс. Кез келген жерде шерулетіп жүруге болмайды. Эпидемия қайта өршуі мүмкін. Осыны еске салғым келеді. Өзге елдердегі ахуал  бұл сөзіме дәлел бола алады.

Хабар 24 телеарнасы