423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Африка Республикасы коронавирус вакцинасын сынап жатыр

  • 621
  • UPD: 12:03, 25.06.2020
Оңтүстік Африка Республикасы коронавирус вакцинасын сынап жатыр

Ұлыбританияда Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны адамдарға егіп сынақтан өткізуді бастады.

Бұл вакцинаны жасап шығаруда мамандар  жаңа тәсіл қолданған. Ол адамның иммундық жүйесіне көмектесу арқылы ағзада вирустың көбеюіне жол бермейді. Вакцина алдымен 300 адамға егіліп тексерілмек. Тәжірибе сәтті өтіп жатса, қазан айында тағы 6 мың адамға егіліп зерттелетін болады. Егер оның тиімділігі дәлелденсе келесі жылдың бас кезінен бастап жаппай шығару қолға алынбақ.

Робин Шатток, профессор: 

- Бұл вакцинаның артықшылығы оны жаппай шығаруға тиімділігінде. Мысалы, 1 литр екпеден 2 миллион доза вакцина дайындауға болады. Яғни егер барлық тәжірибе сәтті өтіп жатса, вакцинаны тарату үшін үлкен қоймалар бар зауыт салудың қажет болмайды.  

Оңтүстік Африкада да коронавируске қарсы вакцина адамдарға сынала бастады. Бұл Африка құрлығында алғаш қолға алынып отырған шара. Екпені тексерістен Ұлыбританияның Оксфорд универсиетті өткізуде. Ал ресми дерекке қарағанда қазір Африкада коронавирусты жұқтырғандардың саны 325 мыңнан асқан. Олардың 105 мыңнан астамы Оңтүстік Африка Республикасының тұрғыны.

Хабар 24 телеарнасы