429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словенияда билікке қарсы шеру басылмай тұр

  • 235
  • UPD: 12:27, 25.06.2020
Словенияда билікке қарсы шеру басылмай тұр

Словенияда үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасуда. Демонстрациялардың басталғанына бір айдан астам уақыт  өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарсылықтарын білдіру үшін тұрғындар қайтадан ел астанасы Люблянаға жиналды. Жергілікті халық билікті жемқор деп айтыптауда. Және бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетіп, азаматтық бостандықты шектеп отыр деген ұстанымда.

Атап өтетін жәйт, наразылық білдірушілер  Словенияның Мемлекеттілік күніне арналған шараның басталуына бірнеше сағат бұрын жиналған.

Жергілікті STA агенттігінің хабарлауынша, шараға 500-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында журналистер де бар.

Хабар 24 телеарнасы