431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан президенті коронавирусқа тағы тест тапсырды

  • 327
  • UPD: 12:52, 25.06.2020
Қырғызстан президенті коронавирусқа тағы тест тапсырды

Қырғызстан президенті Мәскеуден оралғаннан кейін коронавирусты анықтауға арналған тест тапсырды.

Сараптама коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

Еске салсақ, кеше Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуге барып тұрып Жеңіс парадына қатыспағанын жазған едік. Өйткені қырғыз делегациясының екі мүшесінің COVID-19 жұқтырғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы