418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бала ағзасының коронавирусқа қаншалықты төзімді екені анықталды

  • 216
  • UPD: 15:10, 25.06.2020
Бала ағзасының коронавирусқа қаншалықты төзімді екені анықталды

Коронавируспен ауырған адамның иіс сезу қабілеті мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Француз зерттеушісі Дидье Раульт осындай мәлімдеме жасады. Зерттеу қорытындысы бойынша дерттен жазылып шыққандардың 30 проценті иіс сезбей қалған.

Сондай-ақ бала ағзасының вирусқа қарсы төзімділігі анықталды. Мамандар зерттеу кезінде бала қаншалықты жас болса коронавирусқа соғұрлым төзімді болатынын байқаған. Тағы бір анықталған жайт дертке шалдыққандардың 65 процентінің тыныс алуы қиындамаса да аппарат арқылы өкпелерінің зақымданғаны көрінген.

Айта кетейік, ковид-19 вирусының адам ағзасына әсерін зерттеу әлі жалғасып жатыр.  

Дидье Раульт, Марсель жұқпалы аурулар институтының директоры:

- Бұл аурумен байланысты ерекшеліктер көп. Сондықтан оларды зерттеп, түсіну қажет. Меніңше коронавирустың төрт даму кезеңі бар. Сондықтан оның әрбірінде науқасты бір дәрімен емдеу дұрыс емес. Мысалы, тұмаумен аурғанда тамифлюді ішу алғашқы екі күнде тиімді. Одан кейін аурумен адамның иммундық жүйесі күресе бастайды.

Хабар 24 телеарнасы