418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы қару эмбаргосын ұзартуды көздейді

  • 142
  • UPD: 14:21, 25.06.2020
АҚШ Иранға қарсы қару эмбаргосын ұзартуды көздейді

АҚШ Иранға жарияланған қару-жарақ эмбаргосы мерзімін ұзартуға ниетті. Америкалық тарап тиісті қарар жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды.

Содан кейін Иран шетелден қару-жарақ сатып алуға немесе экспорттауға мүмкіндік алады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның айтуынша, Вашингтон Тегеранның заманауи қаруды иеленуін қаламайды. 

Майкл Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Біз эмбарго мерзімін ұзартатын резолюция жобасын ұсынамыз. Егер біз олай жасамасақ, Иран қару-жарақты сатып алуға мүмкіндік алады. Бұған жол бермеу керек. 

Айта кетейік, 2015 жылы Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге келген болатын. Алайда осыдан 2 жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдеме жасап, Вашингтон Иран келісімінен шығады деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы