421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістандағы Airbus A320 ұшағы апатының алдын ала себебі айтылды

  • 290
  • UPD: 14:40, 25.06.2020
Пәкістандағы Airbus A320 ұшағы апатының алдын ала себебі айтылды

Пәкістанда Airbus A320 ұшағының апатқа ұшырауына адами фактор себеп болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға хаттаманы тиісті деңгейде орындамаған ұшқыштар мен әуежай диспетчерлері кінәлі.

Лайнердің дыбыстық жазбасы соңғы секундқа дейін жұмыс істеген. Пәкістан авиация министрінің айтуынша, ұшқыштар коронавирус тақырыбын талқылап, ұшақты басқаруға мән бермеген. Сонымен бірге әуе қозғалысының диспетчерлері қозғалтқыштардың жерге соғылғаны жайлы айтпаған. Тергеудің толық есебі бір жылдан кейін дайын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістан халықаралық әуе желісінің ұшағы 22 мамырда Карачи қаласының тұрғын ауданына құлады. Борттағы 99 адамның тек екеуі ғана аман қалды.

Хабар 24 телеарнасы