418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Колумбтың ескерткішін алып тастады

  • 156
  • UPD: 15:09, 25.06.2020
АҚШ-та Колумбтың ескерткішін алып тастады

АҚШ-та бұзақылардың нәсілшілдікпен күресті алға тартып, ескерткіштерді қиратып, бүлдіруі тоқтамай тұр.

Мэдисон қаласында шерушілер полициямен қақтығысып, шаһардағы 2 ескерткішті көлге лақтырып жіберді. Олардың бірі осы штаттың ұранын бейнелейтін ескерткіш болса, екіншісі азаматтық соғыс кезінде құлдыққа қарсы шыққан полковник Ганс Кристиан Хэгтың ескерткіші. Ал Нью-Хейвен қаласының билігі Американы алғаш ашқан, теңізші Христофор Колумбқа арналған ескерткішті алып тастады. Оған өткен аптада шерушілердің шаһарда бірнеше ескерткішті бүлдіруі себеп болған. АҚШ президенті Дональд Трамп ескерткіштерді қорғау туралы жарлыққа апта соңына дейін қол қоюға уәде беріп отыр.  

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Менің ойымша, бұл өте маңызды жарлық болады. Бізде ексерткіштерді қорғауға бағытталған өзге де заңдар бар. Мысалы, оларды бүлдіргендерге 10 жылға дейін бас бостандығыған айыруды қарастыратын Ескерткіштер туралы заң. Бірақ біз  бірқатар мәселелерді біріктіп, өте күшті жарлық шығармақ ниеттеміз.

Хабар 24 телеарнасы