423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғаш рет жасанды интеллектке ие робот фильмде басты рөлді сомдайды

  • 371
  • UPD: 17:54, 25.06.2020
Алғаш рет жасанды интеллектке ие робот фильмде басты рөлді сомдайды

Жасанды интеллектке ие Эрика атты робот ғылыми-фантастикалық фильмде басты рөлді сомдайды.

Бұл актер ретінде робот ойнаған алғашқы фильм болады, деп жазды The Hollywood Reporter.

Картина бюджеті 70 млн долларды құрайды. Фильм түсірілімі басталып кетті. Түсірілім басталмай тұрып роботтың қимыл қозғалысы мен мінез-құлқы құрастырылған. 

Айта кетсек, бұл жасанды интеллектке ие роботты екі жыл бұрын Осака мен Киотоның ғалымдары жасап шығарған.

Хабар 24 телеарнасы