418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда коронавирус қайта өршіді

  • 132
  • UPD: 18:13, 25.06.2020
Калифорнияда коронавирус қайта өршіді

Ауруханаға түскен науқас саны 35 процентке артқан.

Штат губернаторының мәлімдеуінше, соңғы бір тәулікте вирус тағы 7 мыңнан астам тұрғыннан анықталған. Ал дертті жұқтырғандардың жалпы саны 190 мыңға жеткен. Елдегі наразылық шерулер вирусты одан әрі өршітуі мүмкін дейді жергілікті басшылық.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

- Адамдар күн ысыған соң вирус кетеді деп ойлайды. Алайда басқа штаттарға қараңыздар. Оларда вирусты жұқтыру өспесе азайып отырған жоқ. Вакцина пайда болып, бұл дертті жеңіп шығатынымызға сенемін. Бірақ қазір адамдардан жауапкершілік танытып, сақтық шараларын орындауын сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы