423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстыққа шыдамаған вьетнамдық фермерлер күрішті түнде егіп жүр

  • 379
Ыстыққа шыдамаған вьетнамдық фермерлер күрішті түнде егіп жүр

Вьетнамда маусым айы басталғалы аптап ыстық.

40 градус ыстыққа шыдамаған фермерлер енді күрішті түнгі мезгілде егетін болды. Соңғы апталарда Там Тхань елді мекенінің шаруалары сағат түнгі екіде ұйқыдан тұрып, егіске шығып жүр. Қараңғы болғандықтан, күндізгі уақытпен салыстырғанда еңбегінің өнімділігі төмен. Алайда түннің салқынында ұзағырақ жұмыс істей алады. Сондай-ақ түнде еккенде, күріш қурамайды.

Ли Ван Ха, фермер:

- Жыл сайын температура бір-екі градусқа көтеріледі. Сондықтан жер ыси береді. Біз тропиктық аймақта тұрып жатқандықтан, аптап ыстық ұзаққа созылады. Бұрын өсіп тұрған талдардың көлеңкесі ыстықты басатын, ал қазір ағаш та азайып кетті.

Хабар 24 телеарнасы