417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда ауа температурасы 40 градустан асып кетті

  • 202
  • UPD: 20:50, 25.06.2020
Испанияда ауа температурасы 40 градустан асып кетті

Африкадан келген ыстық ағын Испанияға жетіп, бұл елде ауа температурасы 40 градустан асып кетті.

Ұлттық метереологиялық агенттік аптап ыстық бірнеше күнге жалғасатынын ескертті. Алайда ауа райы Кордова қаласына саяхаттаған туристерді тоқтатқан жоқ. Күн сәулелерінен қорғану үшін қолшатыр ұстап, ежелгі шаһардың көрікті жерлерін аралап жүр. Тек осындай ыстықта бетперде тағып жүру ыңғайсыз дейді.

Дженифер Ромеро, студент:

- Осындай ыстыққа үйренбегенмін. Ал бетперде таққанда, одан әрі ысып кетесің. Алайда басқа амал жоқ, не де болса вирустан сақтану керек.

Хабар 24 телеарнасы