418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гарри ханзада мен жұбайы Меган Маркл жұмысқа тұрды

  • 176
Гарри ханзада мен жұбайы Меган Маркл жұмысқа тұрды TASS/PA

Герцог пен герцогиня Сассекскийлер спикер болып қызмет атқарады, деп жазды The Age.

Ханзада Гарри мен Меган Маркл Нью-Йорктағы Harry Walker агенттігімен келісімшарт жасады. Бұл компаниямен Барак және Мишель Обамалар, Опра Уинфри, Хиллари Клинтон сынды медиа тұлғалар серіктес.

Герцог пен герцогиняның міндетіне түрлі конференция, форумдарда төбе көрсетіп, сөз сөйлеу кіреді. Шаршы топтың алдына бір шыққаны үшін оларға шамамен 1 млн доллар ақша төленеді.

Қазір танымал жұп Канададан Лос-Анджелес қаласына көшіп келген.

Өткен жылы ерлі-зайыпты британиялық корольдік отбасы мүшелігінен бас тартып, өз бетінше өмір сүруді қалап, ірге ажыртқан еді. Сол кезде алдағы уақытта қайырымдылықпен айналысуға ниетті екендерін де айтты.  

Алайда 14 маусымға жоспарланған  Archewell қорының  ашылу салтанаты пандемияға байланысты кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы