418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ елдерінде ремдесивир препаратын саудалауға рұқсат берілді

  • 175
  • UPD: 12:40, 26.06.2020
Еуроодақ елдерінде ремдесивир препаратын саудалауға рұқсат берілді

Ремдесивир препаратын Еуроодақ елдерінде саудалауға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрі-дәрмек агенттігінің мәліметі бойынша оны COVID-19 және пневмония диагнозы қойылған ересектер мен 12 жастан асқан балаларға беруге болады. Американың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институты зерттеу жүргізіп, ремдесивирдің тиімділігіне көз жеткізген. Мамандардың айтуынша, науқастар 10 күндік курстан кейін сауыға бастайды. Әзірге препаратты тек медициналық мекемелерде қолдануға болады.

Хабар 24 телеарнасы