Черногориядағы наразылық акциясы кезінде 50-ге жуық адам ұсталып, бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көптеген қалалардағы тәртіпсіздіктер полициямен қақтығыстарға ұласқан. Будва қаласында наразылық білдірушілерді тарату үшін құқық қорғау органдарының көзден жас ағызатын газ қолдануына тура келді.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі тәртіпсіздіктер Серб православие шіркеуі қарсылық танытқан «Діни меншік туралы» жаңа заңға байланысты басталды. Алайда, үкімет мұндай құжаттың қаралып жатқандығын жоққа шығарды.