423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтіруге асықпайды

  • 418
  • UPD: 15:02, 26.06.2020

Бүгінде бұл елмен әуе байланысын жандандыруға дайындығын тек Түркия мен Қытай ғана ресми мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, көршілер тамыздың біріне дейін «бірде-бір мемлекеттің ұшағын қабылдамаймыз», деп хабарлап отыр. Бұған дейін «Эйр Астана» Өзбекстан бағытына әуе рейстерін қайта ашқанын айтқан еді. Тіпті компанияның сайтында билет сатылымы басталды. Алғашқы ұшақ Нұр-Сұлтаннан Ташкентке маусымның 30-ы күні ұшады деп жоспарланған болатын. Бірақ өзбек билігі қазақстандық компанияның бұл елге ұшуына ресми рұқсат бермеген.

Геннадий Ким, Өзбекстан көлік министрлігі департаменті басшысының орынбасары:

- Біз 28 елге әуе байланысын жандандыру жөнінде хат жолдадық. Алайда, әуе қатынасын қалпына келтіруге дайындығын тек екі мемлекет қана мәлімдеді. Бұл – Түркия мен Қытайдың әуе компаниялары. Бірақ бұған қарамастан, Өзбекстанда әуе байланысын тамыздың біріне дейін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы