418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия туристерге тегін саяхат ұсынуда

  • 201
  • UPD: 17:00, 26.06.2020
Италия туристерге тегін саяхат ұсынуда

Туристер Римнен екі сағаттық жерде орналасқан Италияның Молизе аймағында тегін демала алады.

Оларға бір апта қоныстану үшін бос тұрған үйлер мен бірнеше жатын бөлмесі бар виллалар беріледі, деп жазды The Sun.

Молизедегі жергілікті билік Regalati il ​​Molise науқанын бастады. Бастама аясында туристердің тегін демалуы үшін 4 шілдеден 3 қазанға дейінгі аралықта 40 жолдама ұсынылады.

Ол үшін итальян тілінде арнайы өтініш толтырып, демалысты не үшін Молизеде өткізгіңіз келетінін жазу керек.

«Бұл – әдемі, бірақ халық аз қоныстанған ауылдар, оларда туристік орындар жоқ. Сондықтан біз туризм төмен деңгейде тұрған кезде адамдарды осында қалай тарту керек екенін ойладық», - деді жергілікті тұрғын Энцо Луонго.

Оның айтуынша, өңірде бар-жоғы 305 мың адам тұрады. Ал тұрғындардың көпшілігі басқа «бай» аудандарға көшіп кетіп, олардың үйлері қаңырап бос қалған.

Хабар 24 телеарнасы