423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияға аштық қаупі төніп тұр

  • 327
  • UPD: 10:01, 27.06.2020
Сирияға аштық қаупі төніп тұр

БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының өкілдері Сирияға аштық қаупі төніп тұрғанын ескертті.

Қазіргі кезде елдің 9 миллион 300 мың тұрғынының ауызы асқа жарымай отыр. 9 жылға созылған жанжалдың кесірінен Сирия экономикасы құлдыраған. Ал коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шектеулердің салдарынан азық-түлік бағасы екі есе қымбаттап кетті. Азық-түлік бағдарламасының қызметкерлері Сирияның барлық 14 аймағында 4 миллион 800 мың адамға көмек беріп жүр. Алайда БҰҰ агенттігіне тамыз айына дейін 200 миллион доллар көлемінде қаражат бөлінбесе, ол бұл жәрдемін едәуір қысқартуға мәжбүр болады.

Корин Флейшер, азық-түлік бағдарламасының сириядағы директоры:

- 9 жылға созылған жанжалда баға осыншама қымбат болмаған. Жұрт балаларын асырай алмай жүр. Оларды тамақтандыру үшін бар мүлкін сатуға мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы