430,20 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда табиғи қауіптің көк деңгейі жарияланды

  • 523
Қытайда табиғи қауіптің көк деңгейі жарияланды

Маусым айының басынан бері Қытайдың бірқатар аумағында толастамай жаңбыр жауып жатыр.

Салдарынан өзендердегі су арнасынан асып, соңы селге ұласты. Қазірдің өзінде су тасқыны мен лай көшкіндері 860 мың гектардан аса егісті жойды. Жалпы табиғи апаттан келген экономикалық шығын 3 миллиард 400 миллион доларға бағаланып отыр. Ұлттық метереологиялық обсерваторияның мамандары айдың аяғына дейін жаңбыр тоқтамайтынын ескертіп, осыған байланысты табиғи қауіптің көк деңгейін жариялады. 

Хабар 24 телеарнасы