423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африкада су тасқынынан 7 адам қаза тапты

  • 316
  • UPD: 15:23, 27.06.2020
Африкада су тасқынынан 7 адам қаза тапты

Африкадағы Кот-д’Ивуарда соңғы бірнеше күн толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүріп, 7 адам қаза тапты.

Нөсерден Абиджан қаласының кей аудандарын су басып, көлік қатынасы қиындаған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Кей аудандардан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Ал ауа райын болжаушылар нөсер тағы 1-2 күн жалғасатынын айтады. Осыған байланысты билік тұрғындарды барынша абай болуға шақырды. Айта кетейін, Кот-д’Ивуарда сәуірден қазан айына дейін жаңбырлы маусым болып саналады. Осы уақыт аралығында су тасқыны мен лай көшкіндері жиілейді.

Хабар 24 телеарнасы