431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буэнос-Айресте карантин режимі ұзартылды

  • 315
  • UPD: 18:28, 27.06.2020
Буэнос-Айресте карантин режимі ұзартылды

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артып, карантин режимі 17 шілдеге дейін ұзартылды.

Бұл туралы осы елдің президенті Альберто Фернандес мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24.

Билік тұрғындардан үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін шығуды сұрап отыр. Ал қоғамдық көлік енді тек экономиканың басты салаларында жұмыс істейтіндерді тасымалдайтын болады. Айта кетейін, Аргентинада COVID-19-ды жұқтырғандар саны 50 мыңнан асады. Дерттен 2500-ден астам науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы