АҚШ ғарыш агенттігі соңғы 10 жылда Күн бетіндегі өзгеріс құбылыстарды түсіріп алған бейнежазбаны көрсетті.
Роликті НАСА ғалымдары осы уақыт аралығында әр 10 секунд сайын түсірілген 425 миллион суреттен жинап құрастырған. Бейнероликтің ұзақтығы 1 сағат. Онда күн бетіндегі өзгерістердің артуы мен бәсеңдеуін, өзге де аспан денелерінің қозғалысын байқауға болады. Ғалымдар қолда бар мәліметті одан әрі зерттеп, жұлдыздың күн жүйесіне ықпалын тексеруді жалғастырмақ.