417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда тауда демалуды қалайтын саяхатшылар көбейді

  • 146
  • UPD: 09:17, 29.06.2020
Испанияда тауда демалуды қалайтын саяхатшылар көбейді

Коронавирус Испанияның туризм саласына көп өзгеріс әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24.

Індет саяхатшылардың демалыс бағыттарын таңдауға да әсер еткен.

Елде таулы жерлерде таза ауада демалуды қалайтын саяхатшылар қарасы көбейді. Жергілікті туроператорлардың бірі жаңа сұранысты ескеріп, Ронда тауының баурайында қарбыз мен саңырауқұлаққа ұқсас демалыс орындарын ашқан. Кәсіп иесінің айтуынша, табиғатта демалуды қалайтындар күн санап артып келеді.

Айта кетейік, Испания – Еуропада коронавирустан ең көп зардап шеккен елдің бірі. Мұнда дертті жұқтырғандардың саны 295 мыңға жуықтаған.

Федерико Алес, Аргентиналық саяхатшы:

- Менің ойымша, мұндай демалыстың қазіргі жағдайда артықшылығы көп. Жағажай секілді емес, тыныш әрі адамдар аз. Бұл жерге алғаш рет келіп демалып жатырмын. Маған өте ұнады.

Хабар 24 телеарнасы