428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голливуд пандемия туралы фильм түсіруге кірісті

  • 289
  • UPD: 09:26, 29.06.2020
Голливуд пандемия туралы фильм түсіруге кірісті

Голливуд коронавирус пандемиясы туралы медициналық драма түсіреді.

Фильм сюжетіне коронавирустың ошағы болған Ухань қаласының дәрігерлері арқау болмақ.

Шығарушы – SK Global Entertainment компаниясы, картинаның сценаристі осыған дейінгі фильмі үшін Оскар жүлдесін алған – Чарльз Рэндольф.  Бұл туралы WSJ хабарлады.

«Бұл пандемия триллерінен гөрі медициналық драмаға жақын», - деді Рэндольф.

Түсірілім Қытайда 2021 жылдың басында басталады деп жоспарланған. Актерлер құрамы мен фильмнің қашан шығатыны туралы әзірге мәлімет жоқ.

Хабар 24 телеарнасы