418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирус қайта өршіді

  • 155
  • UPD: 09:56, 29.06.2020
АҚШ-та коронавирус қайта өршіді

АҚШ-та коронавирус дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24.

Елде күніне 40 мың адамнан инфекция анықталады. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Құрама Штаттарда 2,5 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. 125 мыңы қайтыс болды. Соңғы күндері 36 штатта науқастар саны күрт артқан. Әсіресе, елдің оңтүстігі мен батысында эпидемиологиялық ахуал қиын. Флоридада бір күнде 9 мыңдай адамда COVID-19 диагнозы расталды. Кей сарапшылар «бұл штат індеттің жаңа ошағына айналуы мүмкін» дейді. АҚШ-тың бас эпидемиологының айтуынша, карантин режімінің босаңсуы кеселдің көптеп анықталуына себеп болып отыр. Ал, Флорида штатының губернаторы Рональд Десантис «індеттің қайта өршуіне басқа себеп бар» дейді.

Рональд Десантис, Флорида штатының губернаторы:

- Менің ойымша, науқастар санының артуы карантин талаптарының жеңілдетілумен ғана байланысты емес. Бұған тек кәсіпорындар мен бизнес объектілерінің ашылуы себеп болған жоқ. Қазір инфекция анықталғандар арасында 18-44 жас аралығындағы тұрғындар көп. Яғни, эпидемия жастар арасында тез тарап барады. Сондықтан адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармаған абзал.

Хабар 24 телеарнасы