429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан билігі Қытайдың жасаған мәлімдемесіне жауап қатты

  • 655
  • UPD: 13:46, 29.06.2020

Үндістан билігі Қытайдың Галван аңғары жайында жасаған мәлімдемесіне жауап қатты, деп хабарлайды «Хабар 24.

Жуырда Қытай Халық Республикасы бұл аумақты аспан асты елінің территориясы деп жариялап, «шекараны бұзғандарға әскери соққы жасалады» деп сес көрсеткен болатын. Нью-Дели де қарап қалған жоқ, «даулы жердегі кез келген шабуылға қарымта жауап қайтарылады», деп кесіп айтты. Әлемдік сарапшылар болса, бұл дау-дамайдың соңы жақсылыққа апармайды деп отыр. Тіпті халықаралық шиеленіске әкеп соғуы мүмкін дейді.

Үндістан мен Қытай билігі даулы аймаққа айналған Галван аңғарынан өз әскерлерін шығарды. Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше апта бұрын бұл аймақта екі елдің шекара қызметкерлері қақтығысып, салдарынан ондаған әскери мерт болған еді. Өңірде қару қолдануға тыйым салынғанға қарамастан, қос елдің де әскерилері бір-біріне тас лақтырып, жұдырық жұмсап, тістесіп қалған еді.

Алла Чопра, саясаттанушы:

Оқиға қайғылы жағдайға әкеп соқты. Алайда, қақтығыстың орын алғанына таң қалмаймыз. Бұл аңғарда 1962 жылы соғыстан кейін бекітілген Қытай мен Үндістанның шекарасы жатыр. Бейжің бұл территорияның бір бөлігін аспан асты елінікі десе, Үндістан керісінше, өзінікі деп аңғарып, бөлісе алмай әлек. Шекарадағы әскерилердің жиі тартысып қалатыны да осыдан. Үндістан билігінің өкпесі қара қазандай, өйткені қақтығыста 20 жасағынан айырылып қалды. Аймақтағы ахуалдың тұрақталуы тараптардың бейбіт мәмілеге келуіне байланысты болады.

Таяуда тараптар шекараға қол сұғылмаушылық жайында бір-біріне тағы бір мәрте ескерту жасап, «заң бұзушылық байқалса, соғыс жағдайы кезіндегі заңға сәйкес әрекет етіледі» деп кесіп айтты.

Удит Бегум, саясаттану ғылымының профессоры:

- Бұл – аймақтағы алғашқы әскери қақтығыс емес. Соңғы жарты жылда мұндай жағдай 4-5 рет қайталанды. Бұған дейін билік көз жұмып келді. Қазір тараптар «қырғи қабақ соғыс» кезеңінде. Үндістан тарапы Қытай шабуылға мұқият дайындалды деген пікірде. Олар тіпті аймақта барлау жұмыстарын жүргізіп, кей бөгеттердің тас-талқанын шығарған. Салдарынан Үндістан шекарашылары суға батып кетті.

Күрделі ахуалға қарамастан, әлемдік сарапшылар жанжал бейбіт жолмен шешіледі деп үміттеніп отыр. Себебі Қытай үшін де, Үндістан үшін де қақтығыс тиімді емес. Дегенмен, келіссөздер әзірге оңтайлы нәтиже бермей отыр. Келер айдың басында мәселені талқылау үшін тараптар тағы да бас қосады.

Авторлары: Анна Пшонка, Дмитрий Лукша, Анастасия Левитан, Устад Рахман

Хабар 24 телеарнасы