419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бангладеште қайық аударылып, салдарынан 15 адам көз жұмды

  • 343
  • UPD: 12:48, 29.06.2020
Бангладеште қайық аударылып, салдарынан 15 адам көз жұмды dhakatimes24.com

Бангладештегі Буриганг өзенінде қайық аударылып, салдарынан кемінде 15 адам көз жұмды.

Бұл туралы Dhaka Times хабарлайды.

Morning Bird қайығы тағы бір өзен көлігімен соқтығысқан. Оқиға дүйсенбі күні таңда болған.

Соңғы мәлімет бойынша, құтқарушылар 15 адамның денесін (10 ер және үш әйел адам мен екі бала) тапты. Ал бортта барлығы 50-60 адам болған.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы