420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада президенттік сайлаудың екінші туры өтеді

  • 319
  • UPD: 14:40, 29.06.2020
Польшада президенттік сайлаудың екінші туры өтеді Twitter.com

Польшада өткен президенттік сайлаудың бірінші турында ешбір кандидат халықтың 50% дауысын жинай алған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24.

Осы уақытқа дейін бюллетендердің 80%-нен астамы өңделді. Оның нәтижесі мынадай: елдің қазіргі президенті Анджей Дудаға сайлаушылардың 45% қолдау көрсеткен, ал оның басты қарсыласы Варшава мэрі Рафал Тшасковский 29% дауыс жинаған. Сондықтан 12 шілдеде саяси бәсекенің екінші туры өтеді. Әлеуметтік сауалнама қорытындысына қарағанда, екінші кезеңде аз ғана айырмашылықпен Анджей Дуда жеңіске жетуі мүмкін.

Айта кетейік, Польшада президентті сайлау мамыр айында өтуіс тиіс еді. Алайда, пандемия салдарынан кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы