418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте аурухана өртенді: қаза болғандар бар

  • 170
  • UPD: 16:30, 29.06.2020
Египетте аурухана өртенді: қаза болғандар бар

Египеттің солтүстігіндегі Александрия қаласында ауруханадан өрт шықты.

Өрт салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлады Youm7.

Басылымның мәліметінше, өрт қаланың жекеменшік ауруханаларының бірінде болған. Салдарынан жеті науқас көз жұмды, аурухананың жеті қызметкері жарақат алды.

Өрттің қысқа тұйықталу салдарынан шыққаны айтылуда.

Хабар 24 телеарнасы