417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода COVID-19 жұққандар саны артты

  • 208
  • UPD: 20:18, 29.06.2020
Токиода COVID-19 жұққандар саны артты

Соңғы бір тәулікте Токиода КОВИД-19 жұқтырғандар саны елуден асып кетті. Бұл 4 мамырдан бері қалада тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш.

Еске салсам, Жапонияда коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай 25 мамырда алынып тасталған болатын. Алайда Токио қаласының басшылығы күніне бұл дертті жұқтыру саны елуден асып кетсе, қайта қатаң шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескерткен болатын. Жалпы 14 миллион тұрғыны бар бұл алып шаһарда 5800 науқас тіркеліп, 323-і қайтыс болды. Дегенмен, тілшілермен кездескен Токио губернаторы ахуалға өз алаңдаушылығын білдірсе де төтенше жағдай жарияланатыны туралы айтқан жоқ. 

Юрико Коикэ, Токио қаласының губернаторы:

- Бүгінгі көрсеткіш өте жоғары. Біз осы сандарды талдап, асықпай шара қабылдауымыз қажет. Сондай-ақ кеңселерде жұмыс істейтін халықты ескертуге тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы