425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Үндістанда қан плазмалық банкі құрылды

  • 212
  • UPD: 09:27, 30.06.2020
COVID-19: Үндістанда қан плазмалық банкі құрылды

Үндістанда коронавирусты жұқтырған науқастарды емдеуге арналған қан плазмалық банкі құрылды.

Бұл туралы Делидің бас министрі Арвинд Кайривал мәлімдеді. Сонымен бірге, ол індеттен айыққан тұрғындарды қан тапсыруға шақырды. Естеріңізге сала кетейін, Үндістан дерттен зардап шеккендер саны бойынша әлемде төртінші орында. Бұл елде 500 мыңнан астам азамат коронавирус инфекциясын жұқтырса, 16 мыңнан астам адам қайтыс болды. Тек соңғы бір тәулікте 20 мыңға жуық жаннан COVID-19 анықталған.

Арвинд Кеджривал, Делидің бас министрі:

- Қазіргі уақытта адамдар тағы бір проблемаға тап болды. Ол дертті емдеуге сеп болатын плазманы іздеу. Сондықтан Дели үкіметі елдегі алғашқы қан плазмасы банкін құру туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы