431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстандағы жарылыс: Талибан өкілдері үкіметке кінә тағып отыр

  • 389
  • UPD: 10:57, 30.06.2020
Ауғанстандағы жарылыс: Талибан өкілдері үкіметке кінә тағып отыр

Ауғанстанның Гильменд провинциясында болған лаңкестік шабуылдан 23 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Арасында балалар да бар. Сангин елді мекеніндегі мал базарында бомба салынған автокөлік жарылып, беймәлім біреулер миномёттен атқылады. Аптасына бір күн істейтін базарға өз малын сату үшін көрші аудандардың жүздеген тұрғыны келген болатын. Гильменд губернаторының мәлімдеуінше, бұл шабуылды Талибан жасағы ұйымдастырған. Ал өз кезегінде Талибан өкілдері үкіметке кінә тағып отыр.

Хабар 24 телеарнасы