418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 35 адам көз жұмды

  • 120
Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 35 адам көз жұмды

Ресей астанасы Мәскеуде соңғы тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған 35 адам жан тапсырды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері коронавирус індетін бақылаумен айналысатын жедел штабына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Марқұмдардың барлығында індет анықталып, «өкпе қабыну» диагнозы қойылған. Айта кетейік, бүгінде көрші елде 640 мың адам осы індеттің ілмегіне ілінген. 9 мыңнан астам адам дерт құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы