423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрия Германияның батысында тұратын немістер үшін ел аумағына кіруге рұқсат берді

  • 206
Австрия Германияның батысында тұратын немістер үшін ел аумағына кіруге рұқсат берді

Австрия билігі Германияның батысында тұратын немістер үшін ел аумағына кіруге арналған шектеу шараларын алып тастады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Солтүстік Рейн Вестфалия аймағында коронавирус инфекциясы тарай бастағандықтан, Австрияға тек тест тапсырғандар ғана кіре алатын. Енді немістер көрші елге бұрынғыша еш кедергісіз бара алады. Алайда Гютерсло округінің тұрғындары Австрия шекарасынан өтер алдында соңғы 48 сағаттың ішінде алынған COVID-19 анықтайтын тесттің нәтижесін көрсету керек. Ал Гютерсло округінің өзінде жергілікті билік карантин мерзімін тағы бір аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады. Мәселен, аймақтағы ет комбинатында 1500 жұмысшыда коронавирус инфекциясы анықталған. Сонымен қатар жақын арада жергілікті тұрғындар жаппай тест тапсыратын болады. Ауру белгілері байқалмағандар үшін жеке зертхана арналды. Қазірдің өзінде мекеменің алдында ұзын сонар кезек түзілген.

Барбара Гютерсло, округінің тұрғыны:

- Еңбек демалысы кезінде көрші елге баратынымызға қуанған едік. Енді бір компанияның кесірінен барлық жоспарымыздың астан кестеңі шықты.

Хеннинг Шульц, Гютерсло қаласының мэрі:

- Өте өкінішті жайт. Біздің және көрші өңірде 700 мыңға жуық адам тұрады. Әрине коронавирусты анықтайтын тестті билетке айналдырмауымыз керек. Алайда вирустың біздің аймақта қаншалықты тарап кеткенін білуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы