417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та белгісіз біреулердің оғынан жасөспірім қаза тапты

  • 195
АҚШ-та белгісіз біреулердің оғынан жасөспірім қаза тапты

АҚШ-тың Сиэтл қаласында белгісіз біреулердің оғынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Тағы бір 14 жастағы бозбала жарақат алды. Оқиға шаһар орталығындағы автономды аймақта болды. Жергілікті полицияның мәліметінше, бірнеше адам осы аудандағы бекеттердің жанынан өтіп бара жатқан көлікке оқ жаудырған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл автономды аймақ елдегі нәсілшілдікке қарсы шерулер кезінде пайда болған.

Кармэн Бест, полиция қызметінің басшысы:

- Таңғы 3 шамасында құтқару қызметіне қоңырау түсті. Полиция қызметкерлері жеткенше, күдіктілер ізін суытып үлгерген. Ауданда бұған дейін де бірнеше рет қылмыс жасалды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін онда бармауға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы