412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрті өршіп тұр

  • 98
АҚШ-та орман өрті өршіп тұр

АҚШ-тың Юта штатында орман өрті өршіп, дес бермей жатыр.

Лаулаған жалын 10 мың гектар жерді жарамсыз күйге айналдырды. Сонымен қатар тілсіз жау 9 шаруашылыққа да зақым келтірді. Жергілікті билік қауіпті аймақ тұрғындарын өзге жерге көшуге шақырады. Мамандар суық күн райы мен жауынның арқасында өрттің 25 процентін өшіре алғанын айтады. Абырой болғанда, апаттан адам шығыны жоқ.

Хабар 24 телеарнасы