418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеранда жарылыстан 19 адам қаза тапты

  • 166
  • UPD: 09:50, 01.07.2020
Тегеранда жарылыстан 19 адам қаза тапты

Иранның Тегеран қаласында жойқын жарылыс болды. Салдарынан 19 адам жан тапсырды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шаһардың солтүстігіндегі Шариати көшесіндегі жарылыс медициналық мекемедегі газдың жылыстауынан орын алған. Мерт болғандардың 15-і әйел, төртеуі ер адам. Мамандар 20 адамның өлім аузынан аман қалғанын айтады. Болжам бойынша оқиға қайталануы мүмкін. Мәселен, ғимаратты жарылмаған тағы бірнеше газ баллоны бар.  Қазір құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ал жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы