429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Қазақстан үшін шекараны ашпайтын болды

  • 416
  • UPD: 09:52, 01.07.2020
Еуроодақ Қазақстан үшін шекараны ашпайтын болды

Еуроодақ 1 шілдеден бастап 15 мемлекетке шекараларын ашуға дайын.

Билік пікірінше, Австралия, Канада, Жапония және Оңтүстік Корея коронавирустың таралуына шектеу қойған қауіпсіз елдер деп саналады. Алайда бұл тізімге АҚШ, Бразилия және Қытай енгізілмеген. Дегенмен, Еуроодақ билігі аспанасты еліне шекарасын ашуға ынталы. Ол үшін Қытай Халық Республикасы еуропалықтарға тап осындай құқық беруі шарт. Естеріңізге сала кетейін, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 10 миллионнан асып, 500 мың азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы