418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнді-қытай келіссөздерінің үшінші кезеңі басталды

  • 198
  • UPD: 09:54, 01.07.2020
Үнді-қытай келіссөздерінің үшінші кезеңі басталды

Үндістан мен Қытай билігі Ладакх облысындағы әскерді шығару туралы келіссөздердің үшінші кезеңін бастады.

Кездесу Чушулде өтіп жатыр. Басқосуға Үндістан Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты және Қытай Халық-азаттық армиясының генералы Лю Лин қатысты. Пекин билігі Үндістан үкіметінің Қытайға тиесілі 59 мобильді қосымшаның жұмысын тоқтату туралы шешіміне алаңдаулы. Ал Үндістан олар елдің егемендігіне қауіп төндіреді деп есептейді.

Чжао Лицзянь, ҚХР Сыртқы істер министрінің өкілі:

- Біздің үкімет қытай компанияларының басқа елдермен ынтымақтастықта заңдар мен ережелерді сақтауды сұрайтындығын ерекше атап өткім келеді. Өз кезегінде Үндістан билігі шетелдік инвесторлардың, соның ішінде қытайлардың құқығын қорғауға жауапты.

Хабар 24 телеарнасы