426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда әділдік іздеген халық шеруге шықты

  • 272
  • UPD: 11:11, 01.07.2020
Суданда әділдік іздеген халық шеруге шықты

Суданда мыңдаған адам шеруге шықты. Олар былтыр президент Омар Аль-Баширге қарсы көтеріліс кезінде халыққа қарсы қару қолданғандарды жазаға тартуды талап етті.

Қолдарына жалаулар ұстаған ереуілшілер көшеге бетперде тағып шықты. Елдің қауіпсіздік күштері үкімет ғимаратына іргелес көшелерді бөгеп тастады. Шерушілер тез арада азаматтық үкімет құруды және елде рефлрмалар жүргізуді талап етті.

Еске салып кетсек, 2019 жылы нанның қымбаттауына наразы халық көтеріліске шығып, елді 30 жыл билеген Омар Аль-Баширді тақтан түсірген болатын. Сол кезде жартылай әскерилерден өтпелі кезең үкіметі құрылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы