418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Nokia қызметкерлері ереуілге шықты

  • 161
  • UPD: 11:18, 01.07.2020
Парижде Nokia қызметкерлері ереуілге шықты

Парижде Nokia қызметкерлері наразылық акциясына шықты. Олар финдік компанияның мыңнан астам жұмыс орнын қысқарту туралы шешіміне қарсы.

5G технологиясы қарқынды дамып келе жатқандықтан телекоммуникация алыбының мұндай байламға келуі қателік, дейді акцияға қатысушылар.  Сонымен қатар, кәсіподақтар Франция үкіметі..көмек ретінде берген 300 миллион еуроны қайтаруды талап етіп отыр. Бүгінде Nokia компаниясында 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 

Паскаль Гильен, CFDT кәсіподағының өкілі:

- Жұмыстан қысқартылып жатқандардың дені – жастар.  Олардың көпшілігі 5G технологиясын дамыту үшін 2-3 жыл бұрын қабылданған. Енді ешбір себепсіз қуылып жатыр. Бұл сұмдық. Сондықтан біз наразылық акциясына шықтық, бүгін 500 адам жиналды.

Хабар 24 телеарнасы