418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада көлікті мас күйде жүргізудің жазасы қатайтылды

  • 148
  • UPD: 11:37, 01.07.2020
Украинада көлікті мас күйде жүргізудің жазасы қатайтылды

Бірінші шілдеден бастап Украина билігі мас күйде көлік басқарған жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тартатын болады.

Бұл туралы заң тармағын Жоғарғы Рада 2018 жылдың қарашасында қабылдаған, заңдық құжат бүгіннен бастап күшіне ие. Көлікті мас күйінде жүргізгендерге салынатын айыппұл көлемі де бірден үш есеге ұлғайып отыр. Мәселен, бұрынғыдай 17 мың гривень емес 51 мың, шамамен 1900 долларға дейін көтерілді. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінен мас адам бұрынғыдай бір емес 3 жылға дейін айырылмақ. Жүргізушінің қылмыстық жазасы жайлы ақпарат Ұлттық полицияның электрондық базасында сақталатын болады. Дегенмен, заңгер Денис Фетисов бұл заң жобасын жүзеге асыратын жүйенің әлі де  әлсіз екенін айтады.

Денис Фетисов, заңгер:

- Таяқтың екі ұшы бар, сол сияқты бұл заңның да ұтымды және жетілмеген тұстары жетерлік. Заң қатал. Десе де ойға қонымсыз жері де бар. Мысалы, ептеп шарап ұрттағандар да бірден қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл әділ ме? Қылмыстық жауапкершілік жүргізушінің қаншалықты мас күйіне қарап белгіленуі тиіс деп есептеймін. Көптеген елдерде заң белгілі бір шартқа негізделген. Мұндай қаталдық қаншалықты нәтижелі екенін уақыт қана көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы