424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиодағы Диснейленд төрт айдан соң қайта ашылды

  • 409
  • UPD: 12:18, 01.07.2020
Токиодағы Диснейленд төрт айдан соң қайта ашылды

Токиодағы Disneyland және DisneySea төрт айлық үзілістен кейін ашылды.

Екеуі де ақпан айының соңында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жабылған еді.

Келушілер алдын-ала тіркелуі керек. Кіре берісте қонақтардың дене қызуы өлшенеді. Сонымен қатар адамдардың көп жиналмауы үшін келушілер саны екі есе азайды, ал саябаққа күніне 3 рет қана кіруге болады. Дисней мультфильмдерінің кейіпкерлерімен қол алысуға тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы